English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Алматы әуежайы тапшылыққа байланысты кей ұшақтарға жанармай құюды тоқтатты
15:29 / 2022-07-08

Алматы халықаралық әуежайы авиациялық жанар-жағармай тапшылығына байланысты мәлімдеме жасады.

«Жергілікті және импорттық жанар-жағармай тапшылығына, сондай-ақ уақытында жеткізу мәселесіне байланысты жолаушылар мен коммерциялық жүктердің тұрақты рейстерін тоқтатпау үшін Алматы халықаралық әуежайы жағдай жақсарғанға дейін техникалық қонып қалатын рейстерге жанармай құюды тоқтатты»,- деп хабарлады «ҚазАқпарат» агенттігі.

Алматы халықаралық әуежайы былтыр да үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету мақсатында тұрақты жолаушылар рейсіне жанармай құю көлемін шектеу және бірреттік чартерлік рейстерге жанармай құюды тоқтату жөнінде шешім қабылдаған еді.