2024 жылдың 2 ақпанында Өзбекстан Республикасы Үкіметінің делегациясы Еуразиялық үкіметаралық кеңес және цифрлық форумға қатысу үшін Қазақстанның Алматы қаласына барды.
Сапар аясында Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов пен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен екі ел үкіметтері делегацияларының кездесуі өтті.
«Елдеріміз арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастар достық, тату көршілік және өзара құрмет рухында қарқынды дамып келе жатқаны атап өтіліп, Мемлекет басшылары көпжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың нақты міндеттерді белгілеп бергені айтылды», делінген Үкімет хабарламасында.
Өзбекстан мен Қазақстан арасында барлық салаларда оң өсу динамикасы байқалуда.
Атап айтқанда, кейінгі 7 жылда сауда көлемі екі еседен астам өсті. Экономиканың түрлі салаларында маңызды бірлескен жобалар жүзеге асырылуда.
Көлік және энергетика саласындағы ынтымақтастық айтарлықтай жанданды. Аймақаралық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық кеңейіп келеді.
Жиында осы және басқа да күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылған.