Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Алматы маңындағы апатқа ұшыраған ұшақтың нақты дерегі 10 қаңтарға дейін жарияланады
14:29 / 2019-12-30

«Bek Air» ұшағының апатқа ұшырауының 3 нұсқадан бірі болуы мүмкін


Осы оқиғаға байланысты қолда бар деректерге сүйене отырып Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев «Bek Air» ұшағының апатқа ұшырауының 3 нұсқасын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хабарда айтылуынша, «Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеуге сәйкес үш нұсқамыз бар. Біріншісі – ұшақ экипажының қателігі. Екінші – ұшақтағы техникалық ақау. Үшінші – әуежайдың навигациялық қызметінің қателігі. Бүгінде 5-6 техникалық сараптама жүргізілу үстінде. Ұшақты жасаған зауыттан мамандар келді. Олар біздің сарапшылармен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Сараптамалар біткеннен кейін нәтижесін айтамыз», - деп мәлімдеген министр Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Ал, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Алматы түбіндегі апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігінен ақпараттар қашан жария етілетіндігін мәлімдеп, БАҚ өкілдеріне берген жауабында «Ол қатты бүлінбеген. Сондықтан ондағы жазбалардың мән-жайын тарқатуда мәселе туындамайтындығына үміт артамыз. Мемлекетаралық авиация комитетіндегілер мереке күндері де жұмыс істеп, тарқатылған мән-жайды бізге табыстауға уәде беріп отыр. Бұған дейін айтқанымыздай, 10 қаңтарға дейін тексерудің алдын ала нәтижесін беретін боламыз», - деген.

Еске сала кетсек, 27 желтоқсан күні таңертең Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан Вek Air авиакомпаниясына тиесілі ұшақ апатқа ұшыраған болатын.