Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Алматы маңындағы апатқа ұшыраған BekAir ұшағының құлау себебінің басты нұсқасын айтылды
22:05 / 2020-01-10

27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған "Bek Air"-ге тиесілі бортында 95 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған ұшақ апатқа ұшыраған еді


Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Алматы маңындағы апатқа ұшыраған ұшақтың құлау себебінің басты нұсқасын айтты,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хабарда айтылуынша, екі тәулік бойы әуежай тұрағында тұрып қалған әуе кемесінің үстіне мұз қатып қалуы мүмкін екенін айтылып, комиссия болған апаттың бірнеше нұсқасын зерттеген. Алдын ала жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ұшақтың суық ауа райы кезінде қолданылатын арнайы сұйықтықпен өңделмегені анықталған.

«Әуе кемесін мұздың басуына қарсы сұйықтықпен өңдеу жұмысы ішінара жүргізілген. Ұшақ командирінің шешімі бойынша, тек стабилизаторды өңдеу туралы шешім қабылданған. Бірінші санаттағы мұздың басуына қарсы сұйықтықпен ұшақ қанаттары да өңделу тиіс», - деген Роман Скляр.

Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясына тиесілі бортында 95 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған ұшағы апатқа ұшыраған болатын.