Испаниялық теннисші Карлос Алькарас кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңартылған рейтингінде бірінші орынды иеленді.
Бұл туралы ұйымның ресми сайтында хабарланды. Ал Қазақстан атынан өнер көрсететін Александр Бублик өз мансабында алғаш рет әлемнің 11-ракеткасы атанды.
Жексенбі күні Туринде басталған ATP қорытынды турнирі алдында спортшылардың өткен жылғы жарыстардағы ұпайлары шегерілді. Бұрынғы әлемнің бірінші ракеткасы, италиялық Янник Синнер 1500 ұпай жоғалтып, рейтингте екінші орынға түсті. Ал Алькарас 200 ұпайынан айырылғанына қарамастан, тізім басына шықты. Үздік үштікті неміс теннисшісі Александр Зверев түйіндеп тұр.
Афинадағы турнирде жеңіске жеткен сербиялық Новак Джокович рейтингте төртінші орынға қайта көтерілді. Сенбі күні өткен финалда ол италиялық Лоренцо Музеттиді жеңген болатын.
ATP рейтингі (жаңартылған нұсқа):
1 (2). Карлос Алькарас (Испания) — 11 050 ұпай;
2 (1). Янник Синнер (Италия) — 10 000;
3 (3). Александр Зверев (Германия) — 4 960;
4 (5). Новак Джокович (Сербия) — 4 830;
5 (6). Бен Шелтон (АҚШ) — 3 970;
6 (4). Тейлор Фриц (АҚШ) — 3 935;
7 (7). Алекс де Минаур (Австралия) — 3 935;
8 (8). Феликс Оже-Альяссим (Канада) — 3 845;
9 (9). Лоренцо Музетти (Италия) — 3 840;
10 (11). Джек Дрейпер (Ұлыбритания) — 2 990;
11 (13). Александр Бублик (Қазақстан) — 2 870;
13 (12). Даниил Медведев (Ресей) — 2 760 және т.б.