Александр Зверев «Мастерс» турнирінде жеңіске жетті
Әлемнің алтыншы ракеткасы германиялық Александр Зверев Мадридте (Испания) өткен Мастерс турнирінде тағы бір титулға қол жеткізді. Неміс теннисшісі үшін бұл ATP деңгейіндегі турнирлердегі жекелей сында 15-ші, ал Испания астанасындағы екінші жеңіс.
2 сағат 40 минутқа созылған финал кездесуінде Александр Зверев рейтинг бойынша 10-шы орында тұрған итальяндық Маттео Берреттиниді 6/7 (8), 6/4, 6/3 есебінде ұтты.
Mutua Madrid Open турниріндегі жеңіс германиялық 24 жасты ракетка шеберіне 1000 ұпай мен 315 160 еуро ақшалай сыйлық әкелді.