Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Александр Зверев Германияда «Жыл спортшысы» атанды
12:28 / 2021-12-21

Токио Олимпиадасының чемпионы Александр Зверев өз елінде «Жыл спортшысы» атанды.

Tennis Channel порталының хабарлауынша, неміс спорт журналистерінің қауымдастығының жүргізген сауалнама нәтижесіне орай 24 жасты теннисші Александр Зверев «Жыл спортшысы» атағына лайық деп бағаланған.

Зверев осы маусымда Токио-2020 Олимпиада чемпионы атанды, тағы бес турнирде, соның ішінде ATP финалдық турнирінде жеңіске жетті.

Германияда үшінші рет қатарынан жылдың үздік әйел спортшысы атағы Малайка Майамбоға нәсіп етті. 

Жылдың үздік командасы болып велоспорттан әйелдер командасы жеңімпаз болған.