Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Александр Лукашенконы ресми қарсы алуға арналған салтанатты шара өтті
13:10 / 2024-02-08

«Көксарай» резиденциясында Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконы ресми қарсы алуға арналған салтанатты шара өтті.

Өзбекстан мен Беларусь елдерінің туларымен безендірілген алаңда жоғары мәртебелі мейманның құрметіне құрметті қарауыл сап түзеді.

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Беларусь басшысын құшақ жая қарсы алып, мінберге шақырды. Екі елдің әнұраны шырқалды.

Мемлекет басшылары құрметті қарауыл сапының алдынан өтіп, ресми делегация мүшелерін құттықтады.

Бірге суретке түскеннен кейін жоғары деңгейдегі келіссөздер басталды.