English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Алдағы күндерге ауа-райы болжамы
16:39 / 2022-02-14

Республикалық гидрометеорология орталығы Өзбекстандағы ауа-райының апталық болжамын жариялады.

Дүйсенбі, 14 ақпан күнгі Өзбекстандағы ауа-райы оңтүстік Оралдан келетін ылғалды және суық антициклонға байланысты болмақ. Республика бойынша кей жерлерде жауын-шашын, қар түрінде аздаған жауын-шашын болады. Тауда қар жауады. Кей жерлерде жел секундына 17-22 метрге, Қарақалпақстан, Науаи, Жызақ, Сұрхандария, Ферғана облыстарының кей жерлерінде секундына 25-28 метрге дейін күшейеді деп күтілуде. Ауа температурасы 2-7 градустан аспайды.

Суық антициклонның әсері аптаның ортасына дейін сақталады. Республиканың барлық аймақтарында жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде 2-7 градус аязға дейін төмендейді, республиканың солтүстігінде 8-10 градус аяз, күндіз 2-5 градус шамасында нөлден жоғары болады.

Аптаның екінші жартысында Өзбекстанда әлсіз желді құрғақ ауа райы күтіледі. Түнгі суық бәсеңсіп, температура күндіз 8-11 градусқа дейін көтеріледі. 

14-18 ақпан аралығында республиканың таулы аймақтарында қар көшкіні жүру қаупі сақталады.