Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Алдағы күндерге ауа-райы болжамы
16:20 / 2021-08-23

Осы аптада Өзбекстан аумағында тамыздың соңғы онкүндігіне тән жылы ауа-райы басым болып, аз бұлтты, кей жерлерде әлсіз жел соғып тұрады.

Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша, 23-24 тамызда Ташкент облысы мен Ферғана аңғарындағы тау және таулы аудандарында найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін.

Аптаның алғашқы жартысында республика аумағында ауа райы белгілі қалыптан 2-3 градусқа жоғары сақталады, тек аптаның екінші жартысында температуралық фон біртіндеп төмендей бастайды.

Апта ішінде ауа температурасы түнде 17-22 градус, 23-26 тамызда күндіз 33-38 градус, 27-28 тамызда 31-36 градусты ыстық байқалады.