Алдағы күндерге ауа-райы болжамы
Республикалық Гидрометеорология орталығының хабарлауынша бұл апта ішінде Өзбекстан аумағында ауа-райы жауын-шашынды болмақ
Республикалық Гидрометеорология орталығының хабарлауынша бұл апта ішінде Өзбекстан аумағында ауа-райы жауын-шашынды болмақ.
«Узгирдомед» хабарында, Кавказ аймағынан енген антициклонды ауа ағымы республиканың солтүстігіне қарай әсер етуде. Дүйсенді күнгі таңғы кезде Самарқандта жауған қардың қалындығы 4 см-ге дейін жетіп, күн бойына республиканың Ферғана облысынан басқа барлық аумағында жауын жаууы мүмкін. Ауа температурасы 0-5 градусты көрсетеді.
21-22 қаңтар күндері ылғалдылық бүкіл ел аумығына тарап, кейбір аймақтарда жауын жауады. Түнде 3-5 дәреже суық болса, күндіз 0-5 градусты жылы келеді.
23 қаңтарда суық антициклон шығысқа қарай ығысып, Өзбекстанның аумағы Түркіменстаннан келетін ылғалды ауаның әсерінде болады. Соның салдарынан ел аумағында ауа-райы ашық және шуақты болуы күтілуде. Температура күндіз 7-9 градусқа дейін жылыса, түнде 0-5 сақталады.
24-25 қаңтар күндері батыстан антициклон келеді деп күтілуде. Бірақта елдегі жылы ауаның сақталуына байланысты бүкіл республика бойынша жауын-шашын болады. Таулы аймақтарда қар жауып, жаңбыр төгеді. Түнде ауа температурасы 2 градусқа дейін, күндіз 3-7 градусқа дейін жылынады.