Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Албания үкіметі TikTok-ты жабу туралы шешім қабылдады
15:41 / 2025-03-07

Албания Министрлер кабинеті TikTok әлеуметтік желісін балалар арасында зорлық-зомбылықты насихаттағаны үшін 12 айға жабу туралы шешім қабылдады.

Елдің білім министрі Огерта Манастирлиу мәлімдемесінде ресми билік TikTok әкімшілігімен байланыс орнатып, ата-ана бақылауын күшейту, қолданушылардың жасын тексеру және албан тіліндегі сұрыптау жүйесін енгізу мәселелерін талқылағанын айтты.

Заң қабылданар алдында TikTok-ты шектеуді немесе толық жабуды қолдаған 65 000-ға жуық азаматпен 1300 кездесу ұйымдастырылған.

Бұл шешімге былтыр қараша айында TikTok әсерінен болған жанжал себеп болды. Жергілікті ақпарат көздерінің мәліметінше, бір жасөспірім екіншісін пышақтап өлтірген, ал тергеу барысында бұл қылмысқа TikTok-тағы контенттің ықпал еткені анықталған.