English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Актер Шон Коннери қайтыс болды
18:10 / 2020-10-31

Британдық актер Шон Коннери 90 жасында қайтыс болды


Британдық актер Шон Коннери 90 жасында қайтыс болды. Бұл туралы BBC оның отбасыларына сілтеме жасап хабарлады.

Сэр Томас Шон Коннери 1930 жылы 25 тамызда Шотландияның Эдинбург қаласында дүниеге келген. Ол шығармашылық кезеңінде «Оскар» сыйлығын, екі рет BAFTA және үш мәрте Алтын Глобус марапатының лауреаты атанған.

Коннериді кино әлеміне танымал еткен образ, жазушы Ян Флемингтің британдық барлау агенті Джеймс Бонд рөлі. Ол осы шығарманың жетеуінде басты рөлді сомдайды. 2003 жылда ол өзінің актерлік мансабын аяқтап, жұбайымен Багама аралдарында өмір кешкен.

2000 жылы Шон Коннери Ұлыбритания патшайымы Елизавета II-ден рыцарь атағын алды.