Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
АKMK мен еуропалық компаниялар арасында құны 1,4 миллиард еуродан асатын келісімшарттарға қол қойылды
20:47 / 2023-05-04

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің Германияға сапары аясында Алмалық тау-кен металлургия комбинатының (АКМК) басшылығы мен Еуропаның ірі компанияларының өкілдері арасында бірқатар келіссөздер жүргізілді.

Комбинат баспасөз қызметінің хабарлауынша, өзара тиімді ынтымақтастық кездесулері аясында АКМК мен әлемдегі ең ірі KFW IPEX банкі арасында Орталық Азияда баламасы жоқ Жаңа мыс балқыту зауытын қаржыландыру туралы келісімге қол жеткізілді. 

Сондай-ақ Falk-Porsche-Technik GmbH компаниясымен 50 мың тонна мыс катушкаларын өндіру туралы келісімге қол қойылды. Оның аясында 100-ден астам жұмыс орны ашылып, 450 миллион доллардан астам экспорттық өнім өндірілмек. Бұл кәсіпорынмен жылына 24 миллион доллардың өнімін шығаратын жаңадан салынған мыс балқыту зауыты үшін полимербетон ванналарын шығаруды ұйымдастыру туралы келісімге қол қойылды.

Сонымен қатар, сапар барысында жоғары вольтты электр қозғалтқыштары мен генераторларын шығаратын MENZEL компаниясымен бірлескен кәсіпорын, трансфер зауыты және электр қозғалтқыштарын шығаратын сервистік орталық құру келісілді. Жаңа өндіріс орындарының бастапқы құны 15 миллион еуроға бағаланып отыр. 

Бұдан бөлек, жаңадан салынып жатқан «Ёшлик-1» кенішінің композиттік және шыны талшықты бұйымдарға қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында «Fiberpipe» компаниясымен бірлескен өндіріс қуатын құру туралы келісімге қол қойылды. 

АKMK және еуропалық компаниялардың бірі GP Gunter Papenburg AG арасында мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша тұрақты жұмысты ұйымдастыру мақсатында комбинаттың техникалық мамандарын Еуропа елдерінің оқу орындарында оқыту туралы келісімге қол жеткізілді. 

Тағы бір айта кетерлік жайт – сапар аясында АКМК мен ABM (Anlagenbau und Maschinentechnik GmbH) арасында жылдық айналымы 15 миллион еуроны құрайтын бірлескен кәсіпорын құрылды.

Сапар барысында қол жеткізілген негізгі келісімдердің бірі – әлемдегі ең ірі металлургиялық компания Aurubis AG компаниясымен АКМК мыс өнімдерін жеткізу туралы келісімге қол қою. Айта кетерлігі, Өзбекстанда жүргізіліп жатқан ашықтық пен ынтымақтастықты дамыту саясатының арқасында осы сапар барысында АКМК мен еуропалық компаниялар арасында 1450,2 миллион еуродан асатын құжаттар жиынтығына қол қойылды.

ӨзА