English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Airbus» компаниясы 15 мың жұмысшысын босатады
09:32 / 2020-07-01

Компания 2021 жылдың жаз мезгіліне дейін 15 мың жұмысшысын қысқартуды жоспарлауда.


Әлемдік пандемия жағдайы бүкіл жер бетіндегі дерлік барлық салаға теріс әсер етіп, жұмыс орындарының қысқаруы мен жұмыссыздық санының артуына себеп болуда.

Коронавирустың таралуы әуе қатынасы саласында бұрын сонды болмаған дағдарысқа әкеп соғуда. Өйткені шекаралардың жабылуы адамдардың елден сыртқа шықпауының салдарынан бұл сала қатты қиындыққа тап болды.

Осы салада өзіндік орны бар «Airbus» компаниясы 2021 жылдың жаз мезгіліне дейін 15 мың жұмысшысын қысқартуды жоспарлауда. Бұл пандемияның әсерінен болған жағдай. Өйткені компанияға пандемия жағдайында келген шығындар 2023 жылдан алдын тіпті 2025 жылға шейін өз қалпына келуіне күмәнмен қарауда.

Жұмысшылардың қысқаруының негізгі бөлігі Германия мен Франция жеріндегі зауыттарға тура келетін болып, компания осы елдердегі кәсіпорындарда сәйкесінше 5,1 мың және 5 мың жұмыс орнын қысқартуды көздеген.