Air India компаниясы Өзбекстанға тұрақты рейстер жасауға рұқсат алды
Үндістанның Air India компаниясы Өзбекстанға тұрақты рейстер жасауға рұқсат алды.
Көлік министрлігінің хабарлауынша, Өзбекстан мен Үндістан үкіметтері арасындағы әуе қатынасы туралы келісім негізінде «Узавиация» агенттігі 2021 жылы 25 маусымда Үндістанның Air India авиакомпаниясына No11-K санды эксплуатационды рұқсатнама берді.
Осы рұқсатқа сәйкес, Air India компаниясы Дели-Ташкент-Дели бағыты бойынша Өзбекстанға тұрақты рейстер жасайды.
Хабарда айтылуынша, әуе компаниясы Airbus 320-214 және Airbus 320-251N ұшақтарында ресйстерді жүзеге асырмақ.