Air China Өзбекстанға тұрақты әуе рейстерін орындайды
Бейжің–Ташкент– Бейжің және Үрімжі–Ташкент–Үрімжі бағыттарында тұрақты рейстер іске қосылады.
Қытайдың Air China әуе компаниясы Өзбекстанға тұрақты әуе рейстерін орындауға ресми рұқсат алды.
«Узавиация» агенттігінің хабарлауынша, Өзбекстан мен Қытай арасындағы үкіметаралық әуе қатынасы туралы келісімге сәйкес, Air China әуе компаниясына Бейжің–Ташкент– Бейжің және Үрімжі–Ташкент–Үрімжі бағыттарында тұрақты рейстер орындау үшін лицензия берілді.
Рейстер Boeing-737-800/8 (MAX) және Airbus-330-300/200 ұшақтарымен орындалады.
Air China — Қытайдың ең ірі мемлекеттік әуе компанияларының бірі. Ол 1988 жылы құрылған және әлемнің 200-ге жуық қаласына рейстер орындайды. Компанияның әуе флотында 500-ден астам ұшақ бар.