Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Air Cairo» әуекомпаниясы Шарм-әл-Шейхтен Ташкентке алғашқы рейсін бастады
09:58 / 2020-11-26

Мысырлық әуекомпанияның алғашқы рейсі 2020 жылы 25 қарашада И.Каримов атындағы Ташкент халықаралық әуежайына сәтті қонды.

«Uzbekistan Airports» АҚ хабарлауынша, Мысыр елімен арадағы тұрақты рейстер аптаның әр сәрсенбісінде жүзеге асырылады.  

«Air Cairo» әуекомпаниясының Өзбекстандағы өкілі Хусейн Шарифтің айтуынша, рейстер санын аптасына төртке дейін көбейту жоспарланған. Ташкентті Шарм-әл-Шейхпен және Каир қалаларымен байланыстыратын рейстер 2021 жылдың сәуірінде басталады.

Ташкентке «Airbus A320-214» ұшағымен алғашқы рейсін бастаған «Air Cairo» компаниясы сол күннің өзінде 161 жолаушы мен қайтадан Мысырға ұшып кетті.