Air Arabia әуе компаниясы Абу-Дабиден Ташкентке тікелей әуе рейс ашты
БАӘ-нің Air Arabia әуе компаниясы Абу-Дабиден Ташкентке тікелей әуе рейсін жолға қойды.
Uzbekistan Airports баспасөз қызметінің хабарлауынша, Абу-Даби мен Ташкент қалалары арасында жолаушылар тасымалдау 7 желтоқсанда басталды.
Осы бағыт бойынша әуе рейстері тұрақты түрде аптаның сәрсенбі және сенбі күндері Airbus A320 ұшағымен жүзеге асырылады.
Штаб-пәтері Шарджа қаласында орналасқан Air Arabia әуе компаниясы, Шарджа мен Александрия әуежайларынан, сондай-ақ Мароккодағы төрт әуежайдан Таяу Шығысқа, Оңтүстік-Шығыс Азия, Еуропа, ТМД және басқа елдерге қызмет көрсететін араб құрлығының тиімді бағада қызмет ұсынар әуе компания саналады.