Өзбекстанның Инвестициялар, индустрия және сауда министрі Лазиз Қудратов Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің (АИИБ) вице-президенті Людгер Шукнехтпен кездесті.
Министрлік мәліметінше, кездесуде Өзбекстан мен АИИБ арасындағы қаржылық және техникалық ынтымақтастықты кеңейту перспективалары, сондай-ақ қолданыстағы жобаларды жүзеге асыру жұмыстарының ағымдағы жағдайы талқыланды.
«Энергетика, инфрақұрылымдық даму, көлік және медицина сияқты салаларда жалпы құны 2,4 миллиард доллардан асатын 13 жобаны қамтитын Өзбекстандағы АИИБ ағымдағы инвестициялық портфелінің өсу қарқынының оң динамикасы атап өтілді. 2023 жылдың наурыз айынан бастап банк энергетика саласындағы жобаларды жүзеге асыру аясында мемлекеттік кепілдіксіз 415 миллион долларға 3 несие желісін бекітті», делінген хабарламада.

Людгер Шукнехт Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан реформаларды жоғары бағалап, АИИБ ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жобаларды сапалы жүзеге асыруға және өзара қарым-қатынастың жаңа бағыттарын дамытуға бағытталған белсенді ынтымақтастыққа келіскені айтылған.