Бокстан Азия чемпионатының жеңімпаздары тарихта алғаш рет AIBA-дан ақшалай сыйлық алатын болады.
Келесі құрлық біріншілігінің жүлде қоры 400 мың долларды құрайды және бұл қаржы әр салмақ дәрежесінде алтын, күміс және қола жүлдегерлер арасында бөлінеді.
Ерлер мен әйелдер арасында бірінші орын алған боксшыға - 10 мың доллар, екінші орынға – 5 мың доллар, ал екі қола медель иелеріне 2500 доллардан беріледі.
«Біз бастапқыда жоспарланған стратегияға қайта қолданбақпыз. Боксшыларға еңбегі үшін сыйақы беру керек. Ақша спортшыларды ынталандырып қана қоймай, олардың және отбасыларының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Біздің істеген жұмыстарымыздық барлығы боксшыларға арналған және олар біздің ең маңызды адамдарымыз. Азия чемпионатының барлық қатысушыларына рингте жақсы жекпе-жек көрсетуі мен мықты денсаулық тілеймін», - деген AIBA президенті Умар Кремлев.