AIBA: Александр Хижняк 2021 жылдың үздік боксшысы атанды
Украиналық былғары қолғап шебері Александр Хижняк Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының нұсқасы бойынша 2021 жылдың үздік боксшысы атанды.
26 жастағы ринг майталманы Токио-2020 Олимпиадасында күміс жүлдегер атанған болатын.
Оның әкесі және бапкері үлкен Александр Хижняк жылдың үздік бапкері иесі болды.