AIBA Африкада виртуалды форум өткізбек
Халықаралық бокс қауымдастығы AIBA 2021 жыл бойы бүкіл құрлық үшін виртуалды форум ұйымдастыруды жоспарлауда.
Бұл форумдардың алғашқысы 7 ақпанда Африка құрлығындағы бокс федерацияларында өтеді.
Дәл осы күні AIBA-ның жаңа сайланған президенті Омар Кремлев Кенияның Найроби қаласына сапар шегіп, сол жерде құрлықтағы басқа ұлттық федерациялармен виртуалды форум өткізуі жайлы хабарланды.
Атаулы форумда AIBA жаңа күнтізбесінің таныстырылымы, ұлттық федерациялардың даму жоспары, допингке қарсы, құқықтық қорытынды және басқа да бірқатар мәселелер талқыланбақ.