Ғафур Рахимов AIBA президенттігінен біржолата кетті
AIBA-ның ресми сайты, Ғафур Рахимовтың осы ұйымның президенті ретіндегі өз лауазымынан біржолата кеткені жайында хабарлаған.
Бұл жайында Ресейдің www.sport-interfax.ru сайты AIBA-ның ресми сайтына сілтеме жасап, Ғафур Рахимов осы ұйымның президенті ретіндегі өз лауазымынан біржолата кеткені жайында хабарлаған.
Бұл AIBA таихындағы ең ауыр өтпелі кезеңі. Өкінішке орай, бұл процесс тікелей менің осы ұйымның төрағалығына келген кезіме тура келді. Қазірде өз абыройымды қорғауға, маған қарсы қойылып жатқан айытауларға қарсы күресуге тура келіп тұр. Бұл әрине менің жүйелі түрде біркелкі сот процесіне қатысуыма байланысты. Сол себепті маған қаншалықты ауыр болсада, біржола AIBA президенттігінен кетуге шешім қабылдадым,-деді Ғафур Рахимов ұйымның баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Еске сала кетсек, өткен жылдың 2-ші қарашасында Ғафур Рахимов Халқаралық бокс ұйымы, яғни AIBA президенті болып сайланған болатын. Бірақ сол кездің өзінде Халқаралық Олимпиада комитеті мен AIBA арасындағы қатнас нашарлай бастады. Тіпті ХОК боксты Олимпиада ойындарынан шеттетіп жіберуі жайында ескертті. Осы жағдайларға байланысты, ХОК пен AIBA арасындағы келеңсіздіктерден кейін Ғафур Рахимов 2019 жылдың наурызында өз лауазымыны уақытша тапсыруы жайында мәлімдеген еді.