Африкадағы алғашқы Олимпиада ойындары басқа кезге көшірілді
Мұндай шешім Сенегал президенті Маки Саллдың ХОК төрағасы Томас Бахқа айтқан ұсынысымен қабылданған
Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) мен Сенегал үкіметі жасөспірімдер арасындағы 2022 жылда өті жоспарланған жазғы Олимпиада ойындарын 2026 жылға қарай өткізуге келісті.
Мұндай шешім Сенегал президенті Маки Саллдың ХОК төрағасы Томас Бахқа айтқан ұсынысымен қабылданып, Африкадағы алғашқы Олимпиада ойындарының көшірілуі коронавирустық пандемиядан туындаған қолайсыз оқиғалардан сақтанудыда көздейді.
Сонымен қатар, осы тоқтамға келуге 2020 жылғы Токио Олимпиадасының 2021 жылға ауыстырылуы мен 2022 жылғы Қысқы Олимпиаданы өткізу мәселесінің қабаттасып тұрғаныда әсер етті. ХОК қысқа мерзімде бірнеше ірі жарыстарды өткізу мүмкіндігін шектеулі деп тапқан.
Жасөспірімдер арсындағы Олимпиада ойындары 2010 жылдан бері өткізіліп келеді. алғашқы жарыс Сингапурде өтіп, сайыстың кейінгі ойындарды Қытайдың Нанкин (2014) және Аргентинаның Буэнос-Айрес (2018) қаласында өткен еді.