Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Африка Одағы G20-ға ресми түрде қабылданды
16:52 / 2023-09-09

Африка Одағы (АО) «Үлкен жиырмалыққа» ресми түрде қосылды.

Бұл туралы Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди сенбі, 9 қыркүйек күні таңертең Нью-Делиде G20 саммитінің ашылуында айтты. 

«Сіздің мақұлдауыңызбен мен Африка Одағының төрағасын G20-ның толыққанды мүшесі ретіндегі орнына шақырғым келеді», - деген Моди. Осыдан кейін AО жетекшісі, Комор аралдарының президенті Азали Ассумани Үндістан премьер-министріне жақындап, оны құшақтады.

Африка Одағының G20-ға мүше болуы жаһандық Оңтүстіктің G20-дағы рөлін күшейтеді. Осы уақытқа дейін оған енген жалғыз аймақтық ұйым – 27 мемлекет мүше болған Еуропалық Одақ.

Африка Одағына егемендігі халықаралық деңгейде мойындалған 54 Африка елі, сондай-ақ мемлекеттілігі даулы Батыс Сахара кіреді. Осылайша, AО 1,3 миллиард адамның мүддесін білдіреді.