Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Африка Ұлттар Кубогы: Футбол көруге келген 7 жанкүйер қайтыс болды
14:56 / 2022-01-25

Африка Ұлттар Кубогы турнирінің Камерун мен Комор аралдары арасындағы кезедсуді тамашалауға келген жанкүйерлердің алаңға кірер кезде болған кептеліс салдарынан 7 жанкүйер қайтыс болды.

Түрнирдің 1/8 финалдық кездесуіне келген жанкүйерлер тобы стадионға кірерде тәртіпсіздікке бой алдырған. Ондағы жағдайды қауіпсіздік қызметкерлері де тұрақтандыралмай салдарынан алаң-топан арасында жанкүйерлердің бір бөлігі жерге құлап, басқалары оларды басып кеткен. 

LSI Africa басылымының хабарлауынша, оқиға салдарынан бірнеше адамның есінен танып, 7 азамат қайтыс болған.

Камерун мен Комор аралдары арасындағы кезедсуде Камерун құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жетіп, Африка ұлттар кубогының ширек финалына шықты.