Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Афинаның орталығында анархистер митингіден кейін тәртіпсіздіктер ұйымдастырды
11:35 / 2023-03-04

Анархистер Афинаның орталығында теміржол апаты құрбандарын еске алуға арналған бейбіт шеруден кейін бүлік шығарды.

Proto Tema басылымының дерегінше, полиция наразы топты тарату мақсатында көзден жас ағызатын газ қолданған.

28 ақпан күні кешке Лариса қаласына жақын Темпи қаласында жүк және жолаушылар пойыздарының бетпе-бет соқтығысуы орын алды, апаттан 57 адам қаза тапты, қаза тапқандардың көпшілігі студенттер.

Осы қайғылы жағдайға байланысты студенттер күндіз Афина университетінің жанындағы Пропилеяға жиналып, наразылық білдірген.

Үндеуге үн қосқан мыңдаған адам Пропилеядан Парламент ғимаратының алдындағы Синтагма алаңына дейін шеруге шығып, онда жиналғандар марқұмдарды еске алып, шырақ жағып, үнсіз наразылық акциясын өткізді. 

Митингтен кейін алаңға беттерін жасырған анархистер топтары шығып, бүлік шығарған.