Афинада көлік қызметкерлерінің ереуіліне байланысты метро мен трамвайлар жұмыс істемейді
Афина метросының жұмысшылары дүйсенбі күні 1 мамыр мерекесіне орайластырылған 24 сағаттық ереуілге шықты.
«Катимерини» газетінің хабарлауынша, ел астанасындағы метрополитеннің үш желісі де, трамвайлар да күні бойы жұмыс істемейді.
Наразылыққа автобустар мен троллейбус жүргізушілері де қосылды, бірақ олар тек таңғы және кешкі уақытта тасымалдауды жүзеге асырмайды, деп жазады газет.
Хабарда айтылуынша, 1 мамыр шеруіне байланысты Афинаның бірқатар тас жолдарында, әсіресе қала орталығындағы көлік қозғалысы шектелген.