«Адолат» СДП Саяси кеңесінің төрағасы дауыс берді
Бүгін сағат 08:00-ден бастап республикадағы барлық сайлау учаскелерінде Өзбекстан Республикасының Олий Мажлиси Заң шығару палатасы және жергілікті кеңестер депутаттарының сайлауында дауыс беру үдерісі басталды.
Ташкент қаласының Мырза Ұлықбек ауданындағы 21-сайлау учаскесінде «Адолат» Социал-демократиялық партиясының Саяси кеңесінің төрағасы Робахон Махмудова өз азаматтық борышын атқарып, дауыс беру үдерісіне қатысты.
Робахон Махмудова сайлауда белсенді қатысу әрбір азаматтың құқықы мен міндеті екенін, сондай-ақ еліміздің болашағын белгілеуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Қазіргі уақытта аталған сайлау учаскесіндегі процесс қызу жүріп жатыр, өзбекстандықтар өздерінің сайлау құқықтарын пайдаланып, таңдауларын белсенді түрде жасап жатқаны қуантады.
М.Комилова, ӨзА