«Адолат» социал-демократиялық партиясынан Өзбекстан Республикасы Президенттігіне кандидат Робахон Махмудова самарқандтық сайлаушыларымен кездесті.
Жиынға партияның жергілікті кеңесінің депутаттары, білім саласының өкілдері, аудан белсенділері, зиялы қауым, жастар, БАҚ өкілдері қатысты.
Кандидаттың өмірбаяны мен қызметі туралы таныстырды. Өзбекстан Республикасы Президенттігіне кандидат Робахон Махмудова сайлаушылар назарына өзінің сайлауалды бағдарламасында таныстырды.
Тоғыз басым бағытты қамтитын бағдарламада құқықтық мемлекет құру, әлеуметтік әділеттілікті орнату және ұлттық экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету, ғылым, инновация мен білім беру салаларын тұрақты дамыту, халықтың денсаулығын сақтау жөнінде ұсыныстар айтылған.
Атап айтқанда, адам құқықтары мен бостандықтарын сенімді қорғау, осыған байланысты, ең алдымен, мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларында заңдылықты қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінген.
[gallery-12611]
– Біз соттардың шынайы тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар ұсыныстарды алға тартып жатырмыз. Баршамызға белгілі, қазір жергілікті кеңестерді олардың қызметі туралы жүйелі түрде хабардар ету тәжірибесі бар. Бұл процесте судьялар шығарған сот шешімдеріне қатысты сұрау салу, кейде аяқталмай қалған істер де кездеседі. Осыған сәйкес, соттардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында судьялардың халық депутаттары Кеңестеріне ақпарат беру тәжірибесін жоюды ұсынып отырмыз, – деді Робахон Махмудова.
Фармацевтика және медицина мамандары арасындағы сөз байласуды тоқтату туралы нақты ұсыныстар қатысушылар арасында кандидаттық бағдарламасына қызығушылық тудырды. Бағдарламадағы әлеуметтік, экономикалық, саяси және басқа да салаларға қатысты идеялар мен мақсаттар да сайлаушылардың назарында болды.
Жиында сөз алғандар кандидаттың сайлауалды бағдарламасына қатысты өз пікірлерін білдірді. Президенттікке кандидат сайлаушылардың сауалдарына жан-жақты жауап беріп, баршаны сайлауға белсене қатысуға шақырды.
Ғ.ХАСАНОВ, А.ИСРАИЛОВ (сурет), ӨзА