АДБ Өзбекстанда электромобильдер танымал етуге қаражат бөледі
Көлік министрінің бірінші орынбасары М.Омаров Азия даму банкінің өкілдерімен кездесті. Жиында Жасыл климат қорының «Электромобильділік бағдарламасын» қаржыландыруға қатысты мәселелер талқыланды.
Өзбекстанда жүзеге асырылуы жоспарланып отырған бұл бағдарламаны қаржыландыруға ұсынылып отырған сома 170 миллион АҚШ долларын құрайтыны (қаражаттың 65 миллион доллары грант, қалған 105 миллион доллары қарыз) екені атап өтілді.
Коммерциялық электромобилдерді танымал етудегі кедергілерді жоюға бағытталған бұл бағдарлама электробустар паркін және қосалқы инфрақұрылымды орналастыруды, қоғамдық көлік жүйесін және оның тұрақтылығын жақсартуды, сондай-ақ электр көліктерін дамытуға бағытталған мемлекеттік саясат қолдауды көздейтін 4 бағытты қамтиды.