Адамзаттың ғарышты игеруі пандемияның арқасында неғұрлым жеделдей түспек
21 ғасыр соңына қарай адамдар жер-жаһанға зияны тиетін барлық өндірісті Жер шарынан сыртта құруы қажет
Ресей ғалымдар академиясының жүйелі зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Александр Кононов коронавирустық пандемияның арқасында адамзат ғарышты игеру жағдайын неғұрлым көш ілгерілете түспек, деп болжайды.
Оның айтуынша, қазір ғаламды зерттеу әлдеқайда оңай - жан-жақты жетілдірілген ұшақтар мен станцияларды құруға жеткілікті жағдайлар мен себептер бар. Тек қаражат бөлінуі керек. 21 ғасыр соңына қарай адамдар жер-жаһанға зияны тиетін барлық өндірісті Жер шарынан сыртта құруы қажет. Жер экологиялық таза аймаққа айналып, жеткілікті дәрежеде ыңғайлы және қауіпсіз орта болуы керек. Ал, адамдар ғарышта жұмыс істеп, жерде демалып зейнеттің рахатын көріп өмір кешуі керек, дейді.