French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Адам саудасы үшін іздеуде болған әйел Оманнан Өзбекстанға экстрадицияланды
11:58 / 2023-10-05

Өзбекстан Ішкі істер министрлігі Интерпол ұлттық орталық бюросының қызметкерлері адам саудасына күдікті әйелді Маскаттан Ташкентке әкелді.

Адам саудасы қылмысын жасағаны үшін Оман Сұлтандығы халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық орталық бюросы, Интерпол қызметкерлеріне тапсырылды.

Іздеудегі азамат 2022 жылы бір топ адамдармен сөз байласып, қыздарды шетелге жақсы ақы төленетін жұмыс және Біріккен Араб Әмірліктері мен Оманда әдемі өмір сүруге уәде беріп, сыбайластарымен бірге жәбірленушілердің төлқұжаттарын тартып алып, оларды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.

Қылмыскерді тұтқындау және Өзбекстанға экстрадициялануын қамтамасыз ету Интерпол ұлттық орталығының Ташкент пен Маскаттағы бюролары арасындағы ынтымақтастық пен жедел ақпарат алмасудың арқасында жүзеге асырылған.

Еске салар болсақ, бұған дейін алаяқтық үшін іздеуде жүрген адамды Интерпол Никарагуадан Өзбекстанға экстрадицияланған болатын.