Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Адам ағзасында ғылымға белгісіз маңызды дене мүшесі табылды
17:34 / 2020-10-21

Бұрын сонды адам ағзасында ғылымға белгісіз болып келген маңызды дене мүшесі табылды


Бұрын сонды адам ағзасында ғылымға белгісіз болып келген маңызды дене мүшесі табылды. Оның соншалық тереңде орналасқан болып, сол себептен де анықталмай келген. Бұл 300 жылдағы алғашқы осындай жаңалық болды дейді.

«Radiotherapy and Oncology» журналында жарияланған ақпаратқа сай, Нидерланды онкологиялық институтының зерттеушілері адам ағзасынан бүгінге дейін ғылымға белгісіз маңызды дене мүшесін анықтады. Ол 300 жыл ішіндегі алғашқы ғылыми жаңалық деп бағаланған.

Дәрігерлер тапқан орган - сілекей бездерінің төртінші жұбы екені белгілі болып, оны түтікшелі сілекей бездері деп атаған. Бұл мүше бас сүйегінің геометриялық ортасында оның табанына жақын орналасқан. Шамасы, олардың орналасуына байланысты бұл бездер бүгінге күнге дейін байқалмай келген.

JCIZugeLJoKoQQ61Rt9GW0TfNvtnB2Pk.jpg

Дәрігерлер бұл сілекей безінің төртінші жұбын анықтауда, нұр терапиясының мойын мен тамақ, қуықасты безі және уретра қатерлі ісігімен ауыратын науқастарға әсерін зерттеу кезінде анықтаған.

Онда денедегі ісікті анықтау үшін ғалымдар қанға изотоптармен қаныққан глюкозаны енгізген. Мұндай радиоактивті заттар рак клеткаларында көп мөлшерде жиналады және сәулеленудің арқасында ісіктің шекараларын айқын көрсетеді және ауру органның жағдайын бағалауға көмектеседі.

Зерттеу кезінде мамандар радиоактивті глюкозаны тек ісік емес, басқа мүше де жұтатынын анықтаған. Соның нәтижесінде алынған кескіндерде белгісіз мүшелердің жұбы пайда болған.

Бүгінге дейінгі жарық көрген анатомиядағы барлық кітаптарда адам ағзасында үш үлкен сілекей безі бар екендігі айтылады. Олар құлақ алдында, жақ астындағы және тіл астындағы сілекей бездері. Қалған басқа сілекей бездерінің мөлшері өте кішкентай және олар ауыз және тамақ бойында орналасқан.

Жаңадан анықталған сілекей бездерінің PSMA PET/CT сканерін қолданып тексерілген 100 науқастың барлығында бар екені белгілі болып, ғалымдар осы жаңа мүшенің болуын растау немесе жоққа шығару үшін әйелдің және ер адамның денесін жарып көріп, оның бар екенін растаған.

Мәлім болуынша бұл сілекей бездері көмейдің суланып тұруына жауап беретіні белгілі болды.