ACWA Power компаниясы Өзбекстанда энергиясын сақтаужүйесін құрады
Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан COP-29 саммиті аясында Өзбекстанның Энергетика министрлігі мен Сауд Арабиясының «ACWA Power» компаниясы арасында республика бойынша жалпы қуаты 2 мың МВт⋅сағ электр энергиясын сақтаужүйелерін құружобасын жүзегеасыру туралыкелісімшартқа қол қойылды.
Министрлік мәліметінше, жоба аясында республика бойынша біртұтас энергетикалық жүйеде зерттеулер жүргізіліп, олардың нәтижелеріне сәйкес өңірлер таңдалып, электр энергиясын сақтау жүйелері кезең-кезеңімен енгізілетін болады.
Алдын ала бағалау бойынша, жобаның жалпы құны 1,1 млрд АҚШ долларын құрайды.
Жоба құрылысы барысында 1 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.