24 ақпанда Президент Шавкат Мирзияев Қарақалпақстан Республикасы Беруни ауданына барды.
Мұнда Сауд Арабиясының «ACWA Power» компаниясымен бірлесе отырып жел электр станциясын салу жоспарланған. Осыған орай аталмыш кешеннің ірге тасын қалау рәсімі өтті.

– Қарақалпақстан халқы еңбекқор, жері бай. Енді бұл жердің желдің де экономикаға пайдаәкеледі. Ірі кәсіпорындар салып жатырмыз десек, серіктестеріміз алдымен «энергия бар ма, жол бар ма, инфрақұрылым бар ма?» деп сұрайды. Қуаты 100 мегаватт жел электр станциясының құрылысы облыс экономикасына қосымша серпін болмақ, – деді Шавкат Мирзияев.
Қарақалпақстандағы жалғыз Тахиаташ жылу электр станциясы осыдан 65 жыл бұрын салынған болып, аймақтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға жеткіліксіз болды. Сондықтан станция 680 миллион долларға жаңғыртылып, 560 мегаватт қуатымен пайдалануға берілді.

Енді жаңа бағытта тағы бір экологиялық таза электр стансасының құрылысы жүріп жатыр. Жылдық қуаты 360 миллион киловатт-сағат болатын жоба 108 миллион доллар тікелей шетелдік инвестиция есебінен қаржыландырылады.

Жоба іске қосылғанда 110 мың үйді қосымша электр жарығымен қамтуға мүмкіндік туады. Ол жылына 106 миллион текше метр табиғи газды үнемдейді.

– Адамн қадірі үшін деген басты принцип негізінде Қарақалпақстанды әлеуметтік-экономикалық дамуыту бойынша үлкен мақсат қойғанбыз.
Алдағы бес жылда 2500 жаңа кәсіпорын құрып, өнеркәсіп өнімінің көлемін екі есеге жуық ұлғайту жоспарлануда. Жаңартылатын энергия көздері бұл жұмысқа қуатты серпін болып табылады. Мұның игілігін біздің балаларымыз, болашақ ұрпақтарымыз да көреді, – деді Мемлекет басшысы.

Жоба бойынша Еуропалық қайта құру және даму банкінің техникалық қолдауымен жарияланған халықаралық тендерде 20-ға жуық қатысушының арасында Сауд Арабиясының «ACWA Power» компаниясы жеңіске жетті. Кәсіпорын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде өндірілетін жел энергиясына ең төменгі тарифті – 1 киловатт-сағат электр энергиясы үшін 2,56 центті ұсынды.

Тағы бір маңызды жайт, станция құрылысына мыңдаған Қарақалпақстан жастары қатысады. Ол іске қосылғанда 100 білікті инженер-техник қызметкері жалақысы жоғары тұрақты жұмыспен қамтылады.
Жоба аясында 25 жел қондырғысы орнатылып, 20 шақырымдық 220 киловатт электр жеткізу желісі тартылады және республикадағы біртұтас энергетикалық жүйеге толық қосылатын болады.

Президент жобаға қажет нәрсені локализациялауға баса назар аудару қажеттігін айтты. Мысалы, «Тахиаташ металл конструкциясы» зауыты базалық колонналарды, «Нукус электр аппараты» кәсіпорны трансформаторлар мен электр жабдықтарын, басқа кәсіпорындарда кабель және ондаған түрлі бұйымдарды шығаруды жолға қою мүмкін.
Қарақалпақстанда жел энергиясын өндіру әлеуеті шексіз екені атап өтілді.

– Экологиялық инновациялар мен технологиялар аймағы деп жарияланған Арал өңірінде қолға алынған бұл жоба – «жасыл энергия» өндірісіндегі «алғашқы қарлығаш». Алдағы бес жылда облыста қуаты шамамен 1800 мегаватт болатын үш жел электр станциясы іске қосылады, деді Мемлекет басшысы.

Осыдан кейін президент Шавкат Мирзияев жел электр станциясының іргетасына капсула салды.

Салтанатты шарада «ACWA Power» компаниясының басшысы Мухаммад Абдулла Абунаян және осы сала мамандары мен қоғам өкілдері сөз сөйледі.

Республикада электр энергиясын өндіруді арттыру мақсатында көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Өткен жылы Науаи облысының Кармана ауданында алғашқы күн фотоэлектр станциясы іске қосылды. Осындай тағы бір станцияның құрылысы Сұрхандария облысының Шерабад ауданында басталған.

Барлығы бұл салада 3 миллиард доллар шетелдік инвестиция есебінен жалпы қуаты 2900 мегаватт болатын 10 күн және жел электр станциясы салынуда.
