«ACWA POWER» компаниясы Қарақалпақстанның Қараөзек және Беруни аудандарында қуаттылығы 200 МВт жел электр стансасы мен 100 МВт электр қуатын сақтау жүйесін салады.
Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы жүйенің құрылысына тендерлік конкурста Сауд Арабия компаниясы жеңіске жеткен.
Министрліктің дерегінше, бұл жоба Еуропалық қайта құру және даму банкінің қолдауымен «Жалпы қуаттылығы 200 МВт жел электр станциясын салу бойынша даму және консалтингтік қызмет көрсету бағдарламасы» (EBRD Phase 2) аясында жүзеге асырылуда.
“Бұл жобаны жүзеге асыруға екі халықаралық компания қызығушылық танытты. Атап айтқанда, Сауд Арабиясының «ACWA POWER-Saudi Listed Joint Stock Company» тарапынан жел электр станциясы мен электр қуатын сақтау жүйесінде өндірілген 1 кВт/сағ электр энергиясы үшін 4,09 АҚШ центін ұсынды. Біріккен Араб Әмірліктерінің «Abu Dhabi Future Energy Company PJSC – Masdar» компаниясы жел электр станциясы мен электр қуатын сақтау жүйесінен өндірілген 1 кВт/сағ электр энергиясы үшін 4,99 АҚШ центін ұсынды”, делінген хабарламада.
Осылайша Сауд Арабиясының «ACWA POWER-Saudi Listed Joint Stock Company» тендер жеңімпазы болса, БАӘ «Abu Dhabi Future Energy Company PJSC – Masdar» компаниясы тендердің резервтік жеңімпазы болып жарияланған.
Жақын күндері тендерлік құжаттамалар ЕҚҚД кеңесшілерінің қатысуымен Тендерлік комиссияда қаралып, бекітілетін болады. Жобаны жүзеге асыратын инвестордың аты-жөні қаржылық ұсыныстардың талап етілетін критерийлерге сәйкестігі бағаланғаннан кейін жарияланды.
Тендерді жеңіп алған инвестор жел электр станциясын жобалап, қаржыландырады және өзі басқарады.