АЧЛ: «Пахтакор» ирандық клубты жеңіп 1/8 финалға шықты
Ташкенттің «Пахтакор» клубы Азия Чемпиондар Лигасының 6-тур ойындары аясында Иранның «Падидех Хорасан» командасына қарсы алаңға шықты
Ташкенттің «Пахтакор» клубы Азия Чемпиондар Лигасының 6-тур ойындары аясында Иранның «Падидех Хорасан» командасына қарсы алаңға шықты.
Тартысты өткен кездесуде Шота Арвеладзе шәкірттері 1:0 есебінде жеңіске жетіп, «В» тобында 11 ұпаймен бірінші орында 1/8 финал ойындарына жол алды. Топтағы қызық жағдай Сауд Арабиясының «Ал- Хилал» клубы АЧЛ сайысынан шеттетілді. Өйткені клуб ойыншылары соңғы кездесуге 9 ойыншымен алаңға шықпақшы болған. Оның себебі клуб ойыншыларының біразы коронавирусқа шалдыққаны.
АЧЛ-ның ережесіне сәйкес матч алдынан ойынға түсер футбошылар тізімінде кем дегенде 13 ойыншы болмаса, кездесу өтпейді және дайын емес команда ойыннан шығарылады.
«Пахтакор» 1/8 финал ойындарының алғашқы кездесуін 26 қыркүйекте Тегеандық «Эстеглал» клубына қарсы өткізеді.