Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Даби қаласында өткен «Zayed Sustainability Prize» байқауында өзінің жаңалықтарымен жеңіске жеткен Ташкент қаласындағы Президент мектебінің оқушылары Пахлавон Ғұламов, Асилбек Ашрапов және олардың жетістіктеріне себепші болған ұстазы Сохибжон Азизов Мемлекет басшысының жоғары бағасына ие болды. Олар еліміздегі жастарды тұрақты қолдау, таланттарды лайықты ынталандыру шаралары аясында автокөлікпен марапатталды.
Марапаттау рәсімінде оқушылар, олардың ата-аналары мен ұстаздарына алғыс айтылды.
Айта кетейік, байқаудың «Global High schools» (Жаһандық мектептер) бағытында қатысқан екі жас талант иесі жаңбыр суын қайта өңдеп, тұтынуға жарамды ету жобасымен жеңіске жетті.
[gallery-21347]
Оларға марапатты БАӘ Президенті Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян тапсырды.
Сондай-ақ, салтанатты шарада Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев те қатысып, халықаралық іс-шарада жетістікке жеткен жастарды құттықтады.
Осы беделді байқау арқылы өзбекстандық жастар қазіргі таңда әлемде аса өзекті болып саналатын бір мәселенің шешімін ұсынды. Яғни, су тапшылығы бар аймақтардағы пайдаланылмаған жерлерде жаңбыр суын жинау үшін жабық бассейн (цистерна) орнатып, жинақталған суды тазалау қондырғылары арқылы қайта өңдеп, ішуге және тұрмыстық пайдалану үшін жарамды күйге келтіру қарастырылған.
Жобаны қаржыландыру және идеяны жүзеге асыру мақсатында 150 мың доллар инвестиция салынады.
Марапаттау рәсімінде Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрі Абдулла Арипов пен Президенттің көмекшісі Саида Мирзиёева да қатысты.
суреттерді түсірген Р.Назарматов, ӨзА