Абу-Дабиде Өзбекстан мен БАӘ СІМ басшылары кездесті
Абу-Даби қаласына сапармен барған Өзбекстанның сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Біріккен Араб Әмірліктерінің Премьер-министрінің орынбасары, сыртқы істер министрі шейх Абдулла бен Заид әл Нахаянмен кездесті.
«Өзбекстан Президентінің БАӘ-ге ресми сапары қарсаңында осы елдің Премьер-министрінің орынбасары, сыртқы істер министрі шейх Абдулла бен Заид әл Нахаянмен тиімді кездесу өткіздік», – деп жазды Өзбекстан СІМ басшысы өзінің Telegram-каналында.
– Өзбекстан мен БАӘ арасындағы тығыз ынтымақтастық күн санап артып келеді. Бүгінгі күн тәртібімізде екіжақты және көпжақты байланыстарымыздың ең өзекті мәселелері, сондай-ақ 2025 жылға арналған жоспарлар орын алды, деген ол.