Абу-Дабиде Әлиев пен Пашинян келіссөз жүргізді
10 шілде күні Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Даби қаласында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян келіссөздер жүргізді.
Армения тарапы бұл кездесуді табысты өтті деп бағалауда. Бұл туралы Армения Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ани Бадалян әлеуметтік желі арқылы мәлімдеді:
– Армения Республикасы бұл диалог болашақта бейбітшілік процесін жалғастыруға нақты негіз бола алады деп есептейді.