Абхазияда президенттік сайлаулар қайта өтеді
Осыған дейін сайлауда жеңіске жеткен Раул Хажимбаның билігін заңсыз деп айыптап халық мойындамай елде наразылықтар күшейген
Абхазия жоғары соты 10 қаңтарда орталық сайлау комиссиясының 2019 жылдың қыркүйегінде өткен президенттік сайлауды заңсыз деп тауып, қайтадан сайлау өткізу датасын беліглеуді тапсырған болатын.
Осыған орай Абхазия ОСК-сы келесі сайлау мерзімін 22 наурызға белгілеп, бұл кезде кез-келген азамат өз кандидатурасын қоюға болатынын мәлімдеді.
Осыған дейін сайлауда жеңіске жеткен Раул Хажимбаның билігін заңсыз деп айыптап халық мойындамай елде наразылықтар күшейгені артынан Абхазия парламенті Раул Хажимбаға бұл лауазымнан кетуді тапсырған еді.