Өзбекстан Экологиялық партиясынан Президенттікке кандидат Абдушукур Хамзаев Ташкент облысы Алмалық қаласындағы Мәдениет сарайында сайлаушылармен кездесуде сайлаушыларды өзінің сайлауалды бағдарламасының маңызды бағыттарымен таныстырып, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше тоқталды.
Осы орайда Ташкент облысының бірнеше ауданында кәріз, су тазарту құрылыстары мен қалдықтарға қатысты мәселелер көптеп, облыс тұрғындарына түрлі қолайсыздықтар туғызып отырғаны айтылды.

Сондай-ақ, су ресурстарын ұтымды пайдалануға бағытталған ұйымдық-құқықтық реформалар, осыған байланысты халықты, әсіресе ауылдық елді мекендерде тұратын азаматтарды таза ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсартуға көңіл бөлінетін болады. Тұрғын үй аумақтарында жағымсыз иіс шығаратын және жергілікті кәріз суларын тазарту құрылғылары жоқ кез келген кәсіпорынның қызметін көрсетілген талаптарға сай технологиялар енгізілгенге дейін тоқтату ұсынылып отырғаны сөз болды.

Мемлекеттік экологиялық саясаттың басым бағыттарын әзірлеуге бағытталған «Тұрақты экологиялық даму стратегиясын» қабылдау, жаңартылатын энергия көздерін дамыту перспективаларын айқындау, суды тиімді пайдалануға және оның өнімділігін арттыруға бағытталған ұлттық бағдарламаны әзірлеу бірқатар халықаралық құжаттарға қосылуы жайлы айтып өтілді.

Ашық диалог ретінде өткен жиында қатысушылар кандидаттың сайлауалды бағдарламасында алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру бойынша өз ұсыныстарын білдіріп, қоршаған ортаны қорғау, экологияны қорғау сияқты маңызды мақсаттарға қол жеткізуде Өзбекстан Экологиялық партиясына қолдау көрсетуге шақырды.
А.Мусаев,ӨзА.