Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Абдушукур Хамзаев Қашқадария облысының сайлаушыларымен кездесті
13:54 / 2023-06-20

Өзбекстан Экологиялық партиясынан Өзбекстан Республикасы Президенттігіне кандидат Абдушукур Хамзаев 19 маусым күні Қашқадария облысының сайлаушыларымен кездесті.

Кездесуді кандидаттың өкілі Насыр Халимов жүргізіп, Президенттікке кандидат Абдушүкүр Хамзаев сайлаушыларды өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Бағдарламада республика экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша үгіт-насихат жұмыстарын күшейту, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудің стратегиялары мен бағдарламаларын іске асыру үшін мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің, азаматтардың өзін-өзі басқару органдарының, үкіметтік емес коммерциялық емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және азаматтық қоғамның басқа да институттарының өкілдерін тарту, экология саласындағы заңнама талаптарының сақталуына парламенттік және қоғамдық бақылауды күшейту сияқты мәселелер мен қоршаған ортаны қорғау қамтылған.

Сондай-ақ, бағдарламада Қашқадария облысының тұрғындарына қолайлы экологиялық жағдай жасау бойынша да бірқатар жоспарлар бар. 

Атап айтқанда, Қашқадария ауданында аса өзекті мәселе болып саналатын ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейін арттыру мақсатында 57 ірі өнеркәсіптік кәсіпорын, 254 бірлескен кәсіпорын, 5 561 өнеркәсіптік кәсіпорындар тарапынан зиянды газдардың атмосфераға шығарылуының алдын алу және азайту мақсатында ағынды суларды тазарту құрылыстарының тиімділігі төмен аудандарда тазарту құрылыстарын жаңғырту және жаңаларын салу шараларын қабылдау, қоршаған ортаға шамадан тыс ластаушы заттарды шығарғаны үшін өтемақы төлемдерін 5-10 есеге дейін арттыру арқылы халықтың ықыласына қол жеткізу көзделген.

Жиында партия мүшелерімен, ауданнан келген сайлаушыларымен шынайы сұхбат болды. Олар өңірдегі өзгерістерді атап өтіп, өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.