Transfermarkt порталы Орталық және Шығыс Азия футболшыларының жаңартылған нарықтық құнын жариялады.
Жаңа рейтингке сәйкес, жапон ойыншысы Каору Митоманың бағасы 35 миллион еуродан төмендеп, Жан Корея құрамасының қорғаушысы Ким Мин Чжэнің құны 32 миллион еуроға түскен соң, Өзбекстан құрамасы мен «Манчестер Сити» клубының ойыншысы Абдуқодир Хусанов Азия құрлығының ең қымбат футболшысы атанды.

Үздік бестік қатарына сонымен қатар жапон ойыншылары Такефуса Кубо (30 млн еуро) және Каиши Сано (25 млн еуро) енді.
Transfermarkt мәліметі бойынша, Абдуқодир Хусановтың нарықтық бағасы 35 миллион еуро. Бұл көрсеткіш өзгеріссіз қалып, ол Азия футболшылары арасында ең қымбат ойыншы мәртебесін сақтап тұр.
Сондай-ақ, өзбекстандық Аббосбек Файзуллаев 8 миллион еуро құнымен рейтингтің 25-орнын иеленді.
Айта кетейік, осы апта басында Абдуқодир Хусанов Азияның ең қымбат қорғаушысы атанған болатын.