Абдулла Ариповтың кандидатурасы Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрлігі қызметіне ұсынылды
Өзбекстандағы депутаттық сайлаулар нәтижесі бойынша Өзбекстан-Либералды демократиялық партиясы мүшелері Парламетте басымдыққа ие болғанына байланысты , заңға сай Премьер-Министрдің кандидатын Президентке ұсыну құқығына ие болған еді.
Бүгін Ташкент қаласында Өзбекстан-Либералды демократиялық партиясының (УзЛиДеП) Саяси кеңесінің мәжілісі өтуде. Атаулы жиында Конституцияның 98-бабына сәйкес Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрін тағайындау туралы мәселе талқыланды. Бұл құқыққа ие болған УзЛиДеП партиясы бүгінге дейін Өзбекстан Премьер-Министрі болп келген Абдулла Ариповтың кандидатурасын Өзбекстан Республикасы Президенті қарауына ұсынылды.
