Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Абдулла Арипов Халықаралық көрмеге келген шет елдік делегация басшыларымен кездесті
13:05 / 2021-04-06

Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов Ташкенттегі «INNOPROM» Халықаралық өнеркәсіптік көрмеге келген шет елдік делегация басшыларымен кездесті.

Кездесуде Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрі Д.Мантуров, Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешені министрі А.Камалян, Беларусь Республикасының Өнеркәсіп министрі П.Пархомчик, Қырғызстан Республикасының Энергетика және өнеркәсіп министрі Қ.Турдубаев, Тәжікстан Республикасының Өнеркәсіп министрі Ш. Кабиров, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрінің орынбасары А.Ержанов, Әзірбайжан қорғаныс өнеркәсібі министрінің орынбасары Мехман Бахишов қатысты.

[gallery-1910]

Сұхбат барысында Ресей Федерациясының Индустрия және сауда министрі Дмитрий Мантуров INNOPROM Халықаралық өнеркәсіптік көрмесін Өзбекстанда өткізу және басқа ел делегаттарын оған қатысу ұсынысын ілгері сүрген Президент Шавкат Мирзияевқа алғыс айтты.

12,5 мың шаршы мертді құрайтын ауданда ашылған көрмеде негізінен машина жасау, металлургия, энергетика, химия, фармацевтика саласына қатысты нәрселер ұсынады. Бұдан бөлек онда 200-ден астам кездесулер және 15 іскерлік шаралар өткізу қарастырылған.