Абдулла Арипов бастаған үкіметтік делегация Тәжікстанға сапармен барады
Сапар барысында Өзбекстан мен Тәжікстан іскер топтарының өкілдері арасында Бизнес форум мен Іскерлік кеңестің отырысын өткізу жоспарланған
Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрі Абдулла Арипов бастаған үкіметтік делегация Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 7-ші отырысына қатысу үшін 2020 жылдың 29 қыркүйегінде Тажікстанның Душанбе қаласына барады.
Комиссияның күн тәртібіне сауда-экономика, көлік-коммуникация, энергетика, ауыл және су шаруашылығы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалар мен басқа да басымдықтарға ие екіжақты практикалық ынтымақтастықты кеңейтудің өзекті мәселелерін талқылау көзделген.
Сапар барысында Өзбекстан мен Тәжікстан іскер топтарының өкілдері арасында Бизнес форум мен Іскерлік кеңестің отырысын өткізу жоспарланған.