Абдулла Арипов Қазақстан Үкіметі делегациясын қабылдады
Премьер-Министр Абдулла Арипов Қазақстан Республикасы Премьер-Министінің орынбасары бастаған Үкімет делегациясын қабылдады
Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов 2 қарашада Қазақстан Республикасы Премьер-Министінің орынбасары Роман Скляр бастаған Қазақ елі Үкіметінің делегациясын қабылдады.
Алқалы кездесуде екі ел арасындағы жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің қазіргі жағдайы мен болашағы талқыланып, өзбек-қазақ қатынастарының өзекті мәселелері сөз болды.

Сондай-ақ тараптар тату көршілікті, стратегиялық серіктестікті және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық, медициналық, білім беру, көлік және логистика саласындағы жаңа перспективалық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру туралы пікір алмасты.
Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің
Баспасөз қызметі